Жазда аулына демалысқа келіп жатқан Шоқан Саққүлақ шешенді қонаққа шақырып, бірнеше күн оныңтағлымды әңгімелерін тыңдайды. Дидарласу кезінде жас Шоқан қонаққа тосын сұрақ қойып:
- Ақсақал біреу жолдан адасса, кімнен ақыл сұрайды? - дейді.
- Шырағым, көнеден сұрайды, - дейді шешен.
- Көне адасса, кімнен сұрайды?
- Көне адасса, көргендіден сұрайды.
- Көргенді адасса, кімнен сұрайды?
- Көргенді адасса, көптен сұрайды.
- Көп адасса, кімнен сұрайды?
- Көп адасса, көп оқығаннан сұрайды.
- Көп оқыған адасса, кімнен сұрайды?
- Көп оқыған неге адассын! Әлгінде ғана Сатыбалдының Жаманқұлына күдіктеніп, оның Үмбеталы жырау туралы дастанын өзің де менен сұрап анықтап алған жоқпысың? - дейді шешен. Содан соң:
- Асылы, ақыл - адамды аздырмайтын ем.
Білім - таусылмайтын кен.
Адамның басшысы - ақыл.
Жетекшісі - талап.
Шолғыншысы - ой.
Жолдасы - кесіп.
Қорғаны - сабыр.
Қорғаушысы - мінез.
Біліп туған бала екенсің
Тумысыңнан дана екенсің,
дейді, Шоқанға риза болған шешен.
Пікірлер