Ел ішінде Жиренше айтыпты деген әңгіме көп. Соның бірінде дуалы ауызды шешеннің тапқырлығына тәнті болмай отыра алмайсыз.
Қай заман екені бір Аллага аян. Жиреншенің атына сырттай қанық хан оны бір көрмекке, жүзбе-жүз отырып көшелі сөзін естімекке құмартады. Шақырту алған шешен айтқан уақытында хан сарайына келіп, табалдырықтан аттаған бойда:
Бір жасыңыз мың болсын! - деген екен.
Хан кісі тыңдап, ой түюге пейіл тұрады. Әзгенің асылын ажырата алмаса да жасыгына мін тағуға бейім келеді. Сол мінезбен Жиреншенің әлгі бір ауыз сөзін ұнатпай:
- Киелі орынның мәртебесіне сай сөз тауып айттым деп отырсың ба? - дейді мұқатыңқырап.
Жиренше аспай-саспай: "ділмөрім, бетіңді бір қайырып тастадым ба?" дегендей, тары на шалқая түскен ханға тіктей қарап:
- Сөзіңізге кұлдық, хан ием, - деп назарын өзіне аудартады. Адам өзі мың жасамайды, артында аты қалса, атына сай сөзі қалса, аты атына сай сөзі мың жасайды. Екінші мына опасыз жалған дүниеде бір көрген қызық дәурені бір күнге бергісіз болса, сол бір күннің өзі мың жылға татыр қызық дәуренмен өтсін деп едім. Сөзге тоқтаған хан Жиреншеге сол жерде астына арымас ат мінгізіп, үстіне тозбас шапан жауыпты.
Пікірлер