Кадзуо Исигуро — 1954 жылы Жапонияның Нагасаки қаласында дүниеге келген.
1960 жылы әкесі Сидзуо Исигуро Жапон елінен Ұлыбританияға көшіп келеді. Ал 1982 жылы Исигуро Кадзуо ағылшын азаматтығын алады.
Кадзуо 1974-78 жылдары Кент университетінде ағылшын және философия бакалавр мамандығын алып шығады.
Жазушының есімі оқырмандарға "Біз жетім болғанда...", "Ноктюрндер: музыканың 5 тарихы түннің басталуы", "Жанұялық кешкі ас", "Жерленген алып" романдары арқылы кеңінен таныс.
Кадзуоның шығармалары бүгінге дейін әлемнің 30-ға жуық тіліне аударылған. Швед академиясының хабарламасында сыйлықтың "автордың таңғажайып эмоционалды қуатқа ие романдарында әлем мен шыңырау арасындағы байланыстың бұлдыр бейнесін көрсете алғаны үшін" берілгені айтылады.
Автор өзінің "Күнжарым" атты үшінші романы үшін әйгілі Букер сыйлығын да жеңіп алған.