bootsnipp

Тоқсан Жабайұлы Қазақстан

Қаралған: 26040

Жабайұлы Тоқсан би (1737-1839) – «Дала данышпаны» атанып, туралығымен, әділдігімен үш жүзге аты жайылған би, шешен. Әкесі Жабай Абылай ханның батырларының бірі болған, керей тайпасының басшысы. Тәтіқара ақын өзінің өлеңдерінде Жабай батырдың ерліктері туралы жырлады. Тоқсан бидің тұлға ретінде танылуына керей тайпасынан шыққан атасы Қара би көп ықпал етті. Ол немересін шешендік өнерге баулыды. Тоқсан би бала кезінен атасымен бірге жүріп, атақты шешендермен, билермен кездесті және ауызша сөз жарыстарға, сөз таластарға қатысты. Жас кезінен өз тайпасының ақылшысы болып қана қоймай, әділ биі бола білді. 15 жасынан бастап халық оны Төбе би, солтүстік өңір (Омбы, Петропавл, Көкшетау, Қостанай) қазақтарының бас биі деп атады. Алғашқыда Тоқсан би Ақмола округінің Еменәлі-Керей болысының биі, сосын Тобыл губерниясының барлық қазақ болыстарына би болды. Тоқсан би толғауларында ру араздығын мінеді, туыстық пен татулықты уағыздады, адамдардың ұнамсыз мінез-құлықтарын сынады. Оның «Ханға халықты тең ұстау парыз», «Алтын таққа жаманмен отырғанша, жақсымен отырған зындан артық», «Тоқсан тоқал алсаң да, бәйбішедей болмайды» сияқты ұлағаттары, арнау сөздері, қазаға көңіл айтқан жұбатулары ел жадында көп 





Афоризмдер Тоқсан Жабайұлы Афоризмдер саны: 5



Афоризмді іздеу

Афоризм қосу

Топ авторлар

bootsnipp

Лев Николаевич Толстой

(28.08.1828 – 07.11.1910)
bootsnipp

Аристотель

(01.01.0384 – 01.01.0322)
bootsnipp

Бауыржан Момышұлы

(24.12.1910 – 10.06.1982)
bootsnipp

Хелен Адамс Келлер

(27.06.1880 – 01.06.1968)
bootsnipp

Ансел Адамс

(20.02.1902 – 22.04.1984)
bootsnipp

Элберт Грин Хаббард

(19.06.1859 – 07.05.1915)
bootsnipp

Исаак Ньютон

(25.12.1642 – 20.03.1727)
bootsnipp

Дуглас Адам

(11.03.1952 – 11.05.2001)
bootsnipp

Фрэнсис Бэкон

(21.01.1561 – 09.04.1626)
bootsnipp

Чарльз Буковски

(16.08.1920 – 09.03.1994)