Волфганг Амадей Моцарт (нем. Wolfgang Amadeus Mozart, толық аты Johannes Chrysostomus Wolfgangus Theophilus Mozart — Йоханн Хризостом Волфгаң Теофил Моцарт; 1756 жылы 27 қаңтарда, Зальцбург, Қасиетті Рим империясында – 1791 жылы 5 желтоқсан, Қасиетті Рим империясында) – Вена классикалық композиторлар мектебінің жарқын өкілі. Асқан шебер скрипкашы, клавесинист, органист, дирижер болған. Замандастарының куәландыруларына қарағанда таңғаларлық әуендік (есту) қабілеті, есте сақтау, импровизациялық қабілеттері болған.
17 жасынан аса бастағанда, оның шығармалары арасында ұсақ композицияларды айтпағанда төрт опера, бірнеше рухани өлеңдер, 13 симфониялар, 24 сонаттар болған.