bootsnipp

Дэн Сяопин Қытай

Қаралған: 25974

Дэн Сяопин (Дың Шяупин) қыт. 鄧小平; (Туғаннан Дэн Сяньшэн қыт. 鄧先聖 (1904-1997)) - Қытайдың мемлекет және қоғам қайраткері, реформатор. 

1915-1918 жылдары бастауыш мектепте білім алады.

1920 жылы Францияға оқуға кетіп, екі жылдан кейін осында құрылған Қытай коммунистік жастар одағына мүше болады.

1926 жылы саяси қызметі үшін Франциядан қуылып, Мәскеуге келіп, Сунь Ятсен атындағы университетте оқыды.

1927 жылы есімін өзгертіп, Қытайға қайтадан оралып, саяси күреске араласады. Ол Цзянси провинциясында болған котеріліске жетекшілік етті, Қытайдың 7-қызыл армиясын құрды, жапон басқыншылығына қарсы 8 жылға созылған азаттық күрес басшыларының бірі болды. Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін (1949) Дэн Сяопин елдің басқару жүйесіндегі әртүрлі қызметтерде болды.

1956 жылы Қытай Коммунистік партиясы ОК-нің Бас хатшылығына сайланып, 10 жыл бойы осы қызметті атқара жүріп, Қытай коммунистері кәсемдерінің біріне айналды. "Мәдени төңкеріс" жылдарында (1966-1976) орнынан алынып, саяси қуғынға ұшырады. Дэн Сяопин саяси әміріндегі өрлеулер мен құлдыраулар оның принциптілігіне, батылдығы мен жаңашылдығына тікелей байланысты. Ол мәдени революция аяқталганнан кейін Қытай халқын "екінші төңкеріс" жасауға шақырды.

 

1978 жылы желтоқсан айында өткен Қытай Компартиясы ОК-нің 3-пленумында Дэн Сяопиннің жаңа бағдарламасы қабылданды, онда социализм жайында ел экономикасын нарықтық қарым-қатынастарға көшіру идеясы негізделді. Бағдарламада ел экономикасын дамытудың үш кезеңдік тұжырымдамасы бекітілді. Реформа алдымен ауыл шаруашылығында басталып, шаруаларға үкімет тарапынан қызу қолдау көрсетілді. Кейін ауыл шаруашылығындағы реформаның тәжірибесі қорытындылана келе, қайта құрулар толқыны қалаға қарай ойысты. Нәтижесінде XX ғасырдың 80-жылдарынан бастап Қытайда экономика тез қарқынмен дами бастады. Д.Сяопин енді елдің шет елдермен қарым-қатынасын жан-жақты кеңейту мәселесін көтерді. Осы мақсатта арнайы ашық экономикалық аймақтар құрылды. "Ашық есік" саясаты ел экономикасының даму қарқынын одан әрі жеделдетті. Қытайдың тұтастығын қалпына келтіру үшін ол нақты жағдайды ескере отырып, "бір мемлекет - екі құрылым" деген тұжырымдама ұсынды. Бұл саясатта өз жемісін беріп, 1997 жылы жүз жылдан аса ағылшын отары болған Сянган (Гонконг) аралы Қытайға бейбіт түрде қайтарылды.

 

1989 жылы өз өтініші бойынша зейнеткерлікке шыққан Д.Сяопин XX ғасырдағы "Қытай реформасының атасы" болып қалды. Ол өмірінің соңына дейін бас ақылшы ретінде елдегі саяси және қоғамдық істерге араласып отырды.





Афоризмдер Дэн Сяопин Афоризмдер саны: 2



Афоризмді іздеу

Афоризм қосу

Топ авторлар

bootsnipp

Лев Николаевич Толстой

(28.08.1828 – 07.11.1910)
bootsnipp

Аристотель

(01.01.0384 – 01.01.0322)
bootsnipp

Бауыржан Момышұлы

(24.12.1910 – 10.06.1982)
bootsnipp

Хелен Адамс Келлер

(27.06.1880 – 01.06.1968)
bootsnipp

Ансел Адамс

(20.02.1902 – 22.04.1984)
bootsnipp

Элберт Грин Хаббард

(19.06.1859 – 07.05.1915)
bootsnipp

Исаак Ньютон

(25.12.1642 – 20.03.1727)
bootsnipp

Дуглас Адам

(11.03.1952 – 11.05.2001)
bootsnipp

Фрэнсис Бэкон

(21.01.1561 – 09.04.1626)
bootsnipp

Чарльз Буковски

(16.08.1920 – 09.03.1994)