Ескендір Зұлқарнайын немесе ІІІ Ұлы Александр(көне грекше: Ἀλέξανδρος Γ' ὁ Μέγας, лат. Alexander III Magnus, 20 шілде б.з.б. 356 ж.ш. — 10 маусым б.з.б. 323 ж.ш.) — Аргеадтар (Теменидтер) әулетінен шыққан б.з.б. 336 жылдан бастап Ежелгі Македонияның патшасы, әлемдік державаның басшысы, адамзат тарихының ең ұлы қолбасшыларының бірі.
Александр шын мәнінде Филипп патшаның ұлы, «Македонский» деген қосымша есімі, ал Шығыс халықтарының арасында осы қолбасшының қос мүйізі бар екен деген лақап тарап кеткен. Сондықтан ол Зу-ль-Карнейн («Қос мүйізді») аталыпты.