Индира Ганди Шығыс әйелдері арасынан шыққан тұңғыш үкімет басшысы -1917 жылы, тәуелсіз Үндістанның алғаш премьер-министрі Джавахарлал Нерудің отбасында дүниеге келген. 1966—1977 және 1980—1984 жылдары Үндістан премьер-министрі қызметін атқарған. Билікке келген жылдары бақталастары оны "ақымақ қуыршақ" деп мазақ еткен болатын. Алайда ол өз елінің тарихына Үндістан үкіметін бірнеше жыл бойы салиқалы түрде басқарған іскер, көрегенді әйел ретінде енді. Ақылды саясаткер мемлекеттің халықаралық дәрежесінің жоғары деңгейге көтеріліп, нығаюы үшін көп қызмет атқарды. Бүгінде Индира ханымды Отаны ғана емес, күллі әлем құрметтейді. Ол өмірге Раджива және Санджая есімді ұлдарды әкелді.