Арнольд Даниэль Палмер (ағыл. Arnold Daniel Palmer, 10 қыркүйек 1929, Латроб, Уэстморленд, Пенсильвания — 25 қыркүйек 2016, Питтсбург, Пенсильвания) — американдық спортшы, белгілі гольфші .
Палмер өзінің спорттық мансабында негізгі кәсіпқойлар арасындағы турнирлерден 7 рет жеңіске жеткен нағыз шеберлердің бірі һәм берегейі. Атап айтсақ, Мастерс (1958, 1960, 1962, 1964), АҚШ ашық чемпионаты (1960) және Британия ашық чемпионаттарында (1961, 1962) үздік көрсеткішке ие болды.