Григорий Николаевич Потанин (4 қазан 1835, Павлодар губерниясы Ямышево ауылы – 30 маусым 1920, Ресей, Томск қаласы) – Орта Азияның табиғатын, этнографиясын зерттеген саяхатшы, географ, этнограф, фольклоршы.
1852 Омбы кадет корпусын бітірген.
1853-1858 Семей мен Омбыда әскери қызметте болды.
1859-1862 сонда жүріп, Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановпен достық қарым-қатынаста болды. Петербург университетінің табиғаттану бөлімінде оқыды.
1861 жылы студенттік толқуларға қатысқаны үшін Сібірге жер аударылды.
1863-1864 ж. Зайсан көлі мен Тарбағатай тауын зерттеді.
1876-1877, 1879–1880 ж. Моңғолияның солтүстік-батысы және Туваға, экспедицияларға қатысты.
1884-1886 және 1892-1893 Солтүстік Қытай, Шығыс Тибет, Орта Моңғолия экспедицияларға қатысты.
1899 жылы Үлкен Хинганға шыққан экспедицияларға қатысты.
Орталық Азияға 8 рет саяхат жасап, 36 жыл бойы, 1899 жылға дейін, ауыр жағдайда жүріп қажымай-талмай зерттеді. Орыс География ғылымына көп еңбек етіп, үлкен жаңалықтар қосты. Ғалым, географ алғашқы зерттеу жұмыстарын өзінің туған Отаны Қазақстан жеріне бастады.