Сұлтанмахмұт Торайғыров (28.10.1893, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы – 21.5.1920, Павлодар облысы Баянауыл ауданы) – ақын, ағартушы.
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Баянауыл ауданында малшы отбасында дүниеге келген. Әкесі-Әубәкір кедей болған, бірақ хат таныған адам. Бір жасында анадан айырылып, жетімдікті көріп өседі. Қуанышсыз балалық шақ, жартылай аш өмір — осының бәрін Сұлтанмахмұт басынан өткерді. Хат тануды ол әкесінен, кейін (1902-1907) молдадан үйренді.
1914 жылы революцияға кейінгі кезеңнің ең үздік туындысы «Қамар сұлу» романы жарық көрді. «Қамар сұлу» романы қазақ әдебиетінде мәні зор туындылардың бірі.