Александр Иванович Герцен (25 наурыз 1812, Москва — 9 қаңтар 1870, Париж) — орыс публицисті, жазушы, философ.
ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары орыстың прогрессивтік қоғамдық-педагогикалық ой-пікірінің дамуына А.Н.Герцен ерекше роль атқарды.
А.И.Герцен бірнеше тамаша шығармалардың авторы. Атап айтқанда “Өткендер мен ойлар”, “Кім жазықты”, “Сұғанақ сауысқан”, “Доктор Крупов” орыс өмірінің аса зәру проблемаларын көтерген құнды шығармалар болды.