Ілияс Жансүгіров (5 мамыр 1894 жыл, Алматы облысы Ақсу ауданы - 1938 жыл) — ақын ,қоғам қайраткері.
Қысқаша өмірбаяны
- Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан.
- Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді.
- Болашақ ақынның бұдан соңғы біраз уақыты ауылда өтеді.
- 1919 жылы. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады.
- 1922 жылыВерныйдағы (Алматыдағы) Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады.
- 1925 жылы Мәскеудегі Журналистика институтына оқуға түсіп;
- 1928 жылы бітіріп шыққан соң, «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке жіберіледі. Жансүгіров шығармалық жұмыспен қатар Қазақстан Жазушылар одағын ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан.
- Бұрынғы ҚазАПП (1926) таратылған соң 1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланып;
- 1934 жылы өткен 1-съезге дейін қызмет істейді. Съезде Қазақстан жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланды.
- 1934–1937 жылдары Қазақ саяси баспасының редакторы, сонымен бір мезгілде;
- 1933–1936 жылдары Қазақ АКСР-і ОАК-нің мүшесі болды.
- 1937 жылы жалған саяси айыппен тұтқындалады.
- 1938 жылы ату жазасына кесілген.
- 1958 жылы ақталды