Иоганн Готтфрид Зойме (Иоанн Готфрид Зейме, Үлгі:Lang-dutch; 29 қаңтар 1763 жыл, Позерна – 13 маусым 1810 жыл, Теплице) – неміс жазушысы және ақын
1792 жылы генерал Игельштремнің хатшысы болады. Сол уақыттарда Лейпциг қаласына келіп «Wichtige Nachrichten über die Vorfälle in Polen 1794» (1796), «Zwei Briefe über die neuesten Veränderungen in Russland» (1797) және «Obolen» (1796—1798) атты шығармаларын бастырады. 1801 жылы Австрия, Италия арқылы Сицилияға саяхат жасайды. Ол саяхатын «Spaziergang nach Syrakus» (1803) атты еңбегінде суреттеген. 1805 жылы Мәскеу, Санкт-Петербург, Финляндия арқылы Швецияға саяхат жасайды. Оны «Mein Sommer im J. 1805» (1807) атты шығармасында жазған. «Mein Leben» атты автобиографиялық шығармасы 1813 жылы жарық көреді.