Айвазовский (Гайвазовский) Иван Константинович (29.7.1817 жылы туылған, Феодосия, — 2.5.1900, сонда) — орыс кескіндемешісі, теңіз пейзажының шебері. 1833 — 37 жылдары Петербургтегі Көркемсурет академиясында М.Н. Воробьевтан оқып, 1839 жылы суретші атағын алған. 1845 жылы академик, 1847 жылы проффессор, 1887 жылы көркемсурет академиясының құрметті мүшесі болды. Еуропа елдері академияларына мүше болып сайланды. Айвазовский “Дауыл”, “Хаос”, “Неаполитан қызы”, “Тоғызыншы толқын”, “Чесмен шайқасы”, “Штиль”, “Қара теңіз” сияқты әлемге әйгілі картиналар жазған. Жалпы 6 мыңға жуық сурет-картиналардың авторы.