Михаил Васильевич Ломоносов (1711-1765) - орыстың ұлы ғалымы, жаратылыстанушы, ақын, философ, суретші, тарихшы, ағартушы.
Ломоносовтың шығармашылық қызметі:
Ломоносовтың шығармашылық қызметі өзінің қызығушылық өрісінің кеңдігімен және табиғат сырларына терең енуімен ерекшеленеді. Оның зерт- теулері математика, физика, химия, Жер туралы ілім, астрономия салаларына жатады. Бұл зерттеулердің нәтижелері қазіргі заманғы жаратылыстанудың негізін салды.
- М.В. Ломоносов химиялық реакция кезіндегі массаның сақталу заңының (1756 ж.) жалпы негіздік сипатына назар аударды;
- (1741-1750 ж.) өзінің корпускулалық (атом-молекулалық) ілімінің негізін жариялады, ол тек 100 жылдан кейін ғана дамыды;
- (1744-1748 ж.) жылудың кинетикалық теориясын ұсынды;
- (1747-1752 ж.) химиялық құбылыстарды ұғындыру үшін физиканың қажеттігін түсіндірді және химияның теориялық бөлімі үшін «физикалық химия», тәжірибелік бөлімі үшін «техникалық химия» атауларын ұсынды.