Тацит Публий Корнелий (шамамен 56 – 117) – Рим тарихшысы. Жас кезінен бастап Римде әр түрлі қызметтер атқарды. 88 ж. претор болды. Ол қолбасшы Агриколаның өміріне арнап “Агрикола” (97 – 98), герман тайпаларының қоғамдық құрылысы, діни наным-сенімдері мен тұрмысына арнап “Германия” (98) атты шығармалар жазған. Соңғы еңбегінде бұдан 150 жыл бұрын жазылған Ю.Цезарьдың жазғандарын толықтырды. 102 – 107 ж. жазылған “Көсемсөз шеберлері туралы” деген еңбегінде бұрынғы дәстүрлі көсемсөз өнерінің Флавийлер әулеті тұсында саяси дағдарысқа ұшырағанын айтады. “Тарих” (105 – 111) деп аталатын еңбегі 14 кітаптан тұрды. Онда 69 – 96 жылдардағы Рим империясындағы оқиғалар баяндалған. Тацит өз еңбектерінде Рим империясының кемшіліктерін көрсете отырып, христиандықты аяусыз сынады.