Соло́н (көне.-грек. Σόλων; 640 және 635 арасында б з. д., Афины — 559 б з. д., Афины) — саясеткер, ақын, Ежелгі Грецияның "жеті ақылшыларының" бірі.
Солон Кодридов атты, кезінде ел басқарған тектен шыққан. Ең алғашқы афин ақыны ретінде танылған.
Солон жеке билікті орнатуға ұмтылған топ пен кең халықтық билікті орнатуға ұмтылушылар ортасындағы "алтын аралық" саясатын ұстанды. Ол бірінші кезекте борышкерлердің қарызын жойып, болашақта жеке құлдыққа, борышкерлерді құлдыққа сатуға тыйым салды