Павлов Иван Петрович – Ресей физиологы, жоғары жүйке жүйесінің қызметі жайында ілімді жасаушы; осы заманның ірі физиология мектебінің іргесін қалаушы.
- 14(26).9.1849, Ресейде, Рязань қаласында туып – 27.2.1936 Ленинградта көз жұмды.
- Петербург ғылым академиясының академигі.
- 1875 жылы Петербург университетін тәмамдаған.
- 1879 жылы Мед.-хирургия. академияны бітірген.
- 1890 – 1924 жылы Әскери-медициналық академияның профессоры, сонымен қатар осы жылдары ұйымдастырылған Эксперименттік медицина институтында кафедра меңгерушісі болды.
- 1925 жылдан өмірінің соңына дейін КСРО ғылым академиясының Физиология институтына басшылық етті.