Милеттік Фалес (грек: Θαλῆς ὁ Μιλήσιος, Thales, б.з.д. 624ж. - б.з.д.546ж.), Ежелгі грекияның әйгілі абызы, ғалымы, философы, Сократқа дейінгі жаратылыстану философтарының бастаушысы, Кіші Азиядаы (Қазіргі Түркиядағы) Ионияның Милет қаласында милет ағымының бастаушысы болған. Грек жеті әулиесінің бірі деп құрметтелген. Батыс мәдениеті тарихында тұңғыш аты сақталған ойшыл ретінде бағаланады. “Ғылым мен философияның атасы” делінеді. Фалестің әлемге мәшүр Анаксимандр, Анаксимен делінетін екі шәкәрті болған. Олардың ат-атағы да Грек даналығы тарихында айырықша аталады.
Фалес философиясы
Фалес дүниені тәжірибе арқылы күзетіп, ақыл, логикалық тұжырым арқылы түсіндірудің дәстүрін жасады. Ол дүниенің архэсі (түп негізі) су деп есептеді. Барша судан пайда болған. Барша сусыз өмір сүре алмайды. Су тіршіліктің анасы. Барша ақыры суға қайтады. Бұл ең алғашқы миф пен дінге ұқсамайтын ғылыми түсіндіру болатын. Дүние осы дүниелік мәлім нәрседен өзгеріп келген, дүниені дүние арқылы түсіндіруге болады, фалестің ғылыми дәстүрі осыған саяды.