ВИЛЬЯМС Василий Робертович (9.10.1863, Мәскеу қ. – 11.11.1939, сонда) – топырақтанушы, Беларусь Ғылым Академиясының (1929), КСРО Ғылым Академиясының (1931 ж.) және Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы академиясының академигі (1935 ж.), агроном топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі. Петров егіншілік және орман шаруашылығы академиясын бітірген. 1888–1891 ж. Францияда (Пастер лабораториясында), Германияда (Воль лабораториясында) ғылыми жұмыстар жүргізген. 1894 жылдан өзі оқыған академияның жалпы егіншілік және топырақтану (кейіннен топырақтану кафедрасы) кафедрасын, өмірінің соңына дейін басқарады