Демокрит (гр. Δημόκριτος; Абдеры, 460 б.э.д. — 370 б.э.д. ) - алғаш рет адамның, адамзаттың, қоғамның пайда болып, қалыптасуын әлемдік даму процесінің бір бөлігі ретінде қарастырды. Осы даму процесінің кезінде адамдар қажеттілік әсерінен табиғат пен аңдарға қарап және өздерінің тәжірибесіне сүйене отырып, қоғамдық өмірге қажетті білімдерін ала алады.
Абдера шаһарында дүниеге келген, әкесі әлеуетті бай адам болған. Бірақ Демокрит рақат-байлықты тәрк етіп, бүкіл ғұмырын дүниенің сырын танып, даналықты меңгеруге арнайды. Дүниенің төрт бұрышын шарлап Мысырға барады, ғұлама-абыздардың дәрісін тыңдап,геометрияны меңгереді. Үндістандағы гимнософистермен де араласып, Эфиопияға дейін сапар шегеді.