bootsnipp

Александр Васильевич Суворов Ресей

Қаралған: 4757

Суворов Александр Васильевич (13.11.1729, Мәскеу қаласы – 6.5.1800, Санкт-Петербург) – әскери қолбасшы, орыс соғыс өнерін дамытушылардың бірі, генералиссимус. Суворовтың Альпі тауынан асуы Әскери қызметті 1748 жылы капрал дәрежесінде бастаған Суворовтың қолбасылық таланты орыс-түрік соғыстары кезінде көрінді. Бұл соғыстар барысында ноғай, қабарда-черкес, шешен, т.б. халықтар көп қырғынға ұшырады. Ноғайлардың бір бөлігі (180 мың отбасы) Түркияға қоныс аударды. Ресей патшайымы Екатерина ІІ Суворовты Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысын (1773 – 75) басуға да пайдаланды. 1774 жылы тамызда көтеріліс ошағы Еділ мен Жайық аймағына келген Суворовқа Пугачевті тұтқындау және көтерілісті жедел басу тапсырылды. Көтерілісті басуға жетекшілік жасаған генерал П.И. Панинге 1775 жылы 22 маусымда жазған хатында Суворов “Сырым бастаған қарулы топтар тосыннан шабуыл жасап, тез арада ғайып болады. Оның артынан қуғанмен ешкім жете алмайды. Бүгіннен бастап бірде-бір қолайлы сәтті жібермей, Сырым батыр бастаған қазақтарды қай жерде кездессе де өлтіріңдер”, – деп бұйрық берген.

1778 – 79 ж. Қырым және Кубань корпустарының қолбасшысы Суворов Қырым түбегін Ресей құрамына қосу бағытындағы әскери іс-шараларды жүргізді. Генерал-аншеф Суворовтың әскері 1789 жылы 11 қыркүйекте Рымник түбінде түрік әскерінің 90 мың қолын жеңді. 1790 жылы түріктің Измаил қамалын тіке шабуылмен алуы оның соғыс өнеріндегі үлкен жетістіктерінің бірі болды. 1794 жылы поляк халқының ұлт-азаттық көтерілісін басуға жіберілді. Брест, Крупница, Кобылка түбінде көтерілісшілерді талқандап, 24 қазанда Праганы, содан кейін Варшаваны алған Суворовқа фельдмаршал атағы берілді.

Сувовров өзінің әскери және соғыс тәжірибесіне сүйене отырып, әскери оқу-жаттығу мен тәрбие жүйесін, әскери тактика мен стратегия мәселелерін баяндайтын “Жеңіс ғылымы” атты еңбегін жазды. Суворов тактикасы тегеурінді соққы, жылдам қимыл және тұтқиыл әрекетке негізделді. 





Афоризмдер Александр Васильевич Суворов Афоризмдер саны: 7



Афоризмді іздеу

Афоризм қосу

Топ авторлар

bootsnipp

Лев Николаевич Толстой

(28.08.1828 – 07.11.1910)
bootsnipp

Аристотель

(01.01.0384 – 01.01.0322)
bootsnipp

Бауыржан Момышұлы

(24.12.1910 – 10.06.1982)
bootsnipp

Хелен Адамс Келлер

(27.06.1880 – 01.06.1968)
bootsnipp

Ансел Адамс

(20.02.1902 – 22.04.1984)
bootsnipp

Элберт Грин Хаббард

(19.06.1859 – 07.05.1915)
bootsnipp

Исаак Ньютон

(25.12.1642 – 20.03.1727)
bootsnipp

Дуглас Адам

(11.03.1952 – 11.05.2001)
bootsnipp

Фрэнсис Бэкон

(21.01.1561 – 09.04.1626)
bootsnipp

Чарльз Буковски

(16.08.1920 – 09.03.1994)