bootsnipp

Сағди Ширази Парсы

Қаралған: 7489

Сағди Ширази (парсыша: ابومحمد مصلح الدین بن عبدالله شیرازی‎) Муслихаддин Әбу Мұхаммед Абдуллах ибн-Мушрифаддин, Сағди Ширази (1203 — 10 ж. ш., Шираз қаласы — 9.12.1292, сонда) — парсы-тәжік әдебиетінің классигі. Шираз қаласында дін қызметкерінің отбасында өмірге келген. Сағди 13 жасында әкесінен айырылып, өмір тауқыметін ерте тартқан. Бағдадқа келіп, Низамия медресесінде оқыды, кейін Мустанмирияда білім алды. Аталмыш оқу орнында ислам дінінің негізі, Құран және оған түсініктеме, медицина, филология, математика, тарих, логика, поэзия, т.б. пәндерді оқыды, әсіресе араб поэзиясынан мейлінше сусындады. Сағди Меккеде мінажат етіп, Үндістан, Хаджаз, Орта Азия мен Шығыс Түркістан, Солтүстік Африка елдерін аралады. Иерусалимде крестшілдермен соғыста тұтқынға түскен Сағдиды Алепоның саудагері сатып алып, өзінің қызына үйлендірген.

 

Сағди бұл қаладан қашып шығып, Шамға келіп орнығады. 1257 ж. туған жеріне оралып, “Бустан” дастанын (алғашқы аты “Сағдинаме”) жазды. Оны бітірісімен, 1258 ж. “Гүлстан” атты шығармасын жариялады. Ақын екі шығармасын да Шираздың билеушісі Әбу Бәкр ибн Сағдиге (1226 — 60) сыйға тартты. Сағдидің қара сөз бен өлең үлгілері кезектесе жазылған “Бес мәжіліс” және ғазалдардан тұратын “Торжибанд” жинақтары бар. Сағди есімі Шығыс поэзиясында лирикалық ғазал жанрының негізін салушы ретінде аталады. Сағди шығармашылығының әлем әдебиетіне ықпалы мол болды. Оның шығармалары Еуропаға 17 ғасырда жиһангез Адам Олеари арқылы мәлім болды. “Гүлстан” туындысы француз (1634), неміс (1635), латын (1951) тілдеріне аударылды.  Сағди өлеңдерін Л.Н. Толстой жоғары бағалап, “Гүлстан” шығармасынан үзінділер мен афоризмдер аударған. 





Афоризмдер Сағди Ширази Афоризмдер саны: 4



Афоризмді іздеу

Афоризм қосу

Топ авторлар

bootsnipp

Лев Николаевич Толстой

(28.08.1828 – 07.11.1910)
bootsnipp

Аристотель

(01.01.0384 – 01.01.0322)
bootsnipp

Бауыржан Момышұлы

(24.12.1910 – 10.06.1982)
bootsnipp

Хелен Адамс Келлер

(27.06.1880 – 01.06.1968)
bootsnipp

Ансел Адамс

(20.02.1902 – 22.04.1984)
bootsnipp

Элберт Грин Хаббард

(19.06.1859 – 07.05.1915)
bootsnipp

Исаак Ньютон

(25.12.1642 – 20.03.1727)
bootsnipp

Дуглас Адам

(11.03.1952 – 11.05.2001)
bootsnipp

Фрэнсис Бэкон

(21.01.1561 – 09.04.1626)
bootsnipp

Чарльз Буковски

(16.08.1920 – 09.03.1994)