Стефан Цвейг (нем. Stefan Zweig — Штефан Цвайг; 28 қараша 1881 — 22 ақпан 1942) - австриялық жазушы, критик, драматург, қоғам қайраткері. Әлем әдебиетінде ерекше орын алатын жазушы.
Жас кезі Стефан Венадағы атақты әрі бай саудагер - Мориц Цвейг-тің отбасында дүниеге келді. 1900 жылы Цвейг гимназияда білім алып, Вена универитетінде оқуын жалғастырады. Оқу барысында жас қаламгер алғаш рет "Күміс қыл" атты өлең жинағын шығарады. Университетті үздік көрсеткішпен бітіре сала, ол дүние жүзін аралауға аттанады 1905-1912. Бірінші Дүниежүзілік соғыс жылдарын Цвейг Щвейцарияда өткізеді. Сонымен қатар, оның Ромен Роллан туралы очеркі "Еуропа Инабаты" атымен дүниежүзіне әйгілі болады.