Эфестік Гераклит (Ἡράκλειτος, б.з.д.535 – c. 475ж.) антикалық филсофияның бірегей өкілдерінің бірі, Эфес мектебінің ұстазы, Сократқа дейінгі философияның көшбасшыларының бірі. Ол диалектикалық ойлау дәстүрінің негізін салған ойшыл.Табиғат философиясы дәстүрін жалғастырушы. "Логос", "От", "Ағын", "Қайшылық" ұғымдары арқылы өзінің онтологиялық философиясын қалыптастырған. Оның мағынасы терең нақыл сөздері бүгінге дейін айтылады. Ақсүйек болса да, бірақ мінезі тұйық, мұңлы жүзді болғандықтан, әсіресе жазған, айтқан сөздері астарлы, күрделі, сырлы болып келетіндіктен замандастары оны Тұңғиық әулие деп атаған екен.