Рене Декарт (фр. René Descartes [ʁəˈne deˈkaʁt], лат. Renatus Cartesius; (1596-1650жж.) - француз ғалымы, философ, математик, физик және физиолог. Ол қазіргі заман математикасының дамуына зор үлес қосып, Геометриялық координаттар жүйесін формулаға айналдыруы арқылы "аналитикалық геометрияның атасы" деп аталды. Ол дуализмдік (қоснегізді) идеалистік философия жүйесін жасап, әйгілі "Ойлағандықтан бармын" (ойлау болмысты анықтайтын бірегей негіз) нақылын тұжырымдады. Ол анық, толық ақиқатқа жету үшін "бәрінен күдіктену" әдіснамасын жасап, қазіргі заманғы батыс философиясының рационализм бағытының көшбасшысы болды.
Шығармалары:
Декарттың ең негізгі философиялық еңбектері: «Әдіс жөніндегі пікірлер»,(Discours de la méthode) «Метафизикалық толғаныстар» («Бірінші философиялық толғаныс» деп те аталады, Méditations métaphysiques), «Философия ережелері»(les Principes de la philosophie)қатарлылар.