Вильгельм фон Гу́мбольдт (нем. Friedrich Wilhelm Christian Karl Ferdinand Freiherr von Humboldt; 22 маусым 1767 — 8 сәуір 1835, Тегель сарайы, Берлин) — неміс филологы, философ, тілтанушы, мемлеткеттік қайраткер, дипломат, өнер теоретигі, немістің классикалық гуманизмінің көрнекті өкілі.Гумбольдт шығармаларының биігіне оның тілтану саласына арналған еңбектері жатады. Тіл тек дайын қарым-қатынас құралы емес, ол өз бойына "халық рухын" жинақтаған. Гумбольдт мәдениетті "тарихта әрекет етіп отырған халықтардын рухын" білдіретін органикалық тұтастық деп есептеді. Гумбольдт дербес пән ретіндегі тіл философиясының негізін қалады