Мопассан Ги, Де Анри Рене Альбер Ги (5.8. 1850, Трувиль-сюр-Арк, Миромениль қамалы – 6.7.1893, Париж) — француз жазушысы, ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі француз әдебиетінің реалист жазушылардың бірі. Ақсүйектер отбасында туып, балалық шағы Нормандияда өткен. Иветодағы діни колледжде, Руандағы лицейде оқыған (1870). Франция–Пруссия соғысына қатысқан (1870 – 71). Мопассан әдебиетте новеллист ретінде танылды, 16 новелла жазды. Ол өмір сүрген қоғамның кескін-келбетін бейнелеп, биліктің боямасыз көрінісін, саясаттың жалғандығын, демократия мен милитаризмді, отаршылдық өктемдікті шебер суреттеді.