bootsnipp

Луи Арагон Франция

Қаралған: 4186

Луи Арагон (3.10.1887, Париж — 10.6.1982, сонда) — француз жазушысы. Лицейде, кейін Париж медициналық институтында оқыған (1915). Бірінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан (1917). 20-жылдары дадаизм, сюрреализм ықпалында болды. Алғашқы өлеңдерінде өзі өмір сүрген қоғамды сынап, оны өзгертуді армандады. Шығармалары 1917 жылдан жариялана бастады. “Фейерверк” (1920), “Ура, Орал!” (1934), “Жүректегі қанжар” (1934), “Эльзаның жанары” (1942), “Паноптикум” (1943), “Француз шапағы” (1945) өлең жинақтары, көптеген поэмалары (“Қызыл майдан”, “Аяқталмаған роман”, “Эльзаға”, “Ақындар”, “Эльзаның Мәжнүні”), “Париж шаруасы” (1926), “Нақты әлем” романдар топтамасы (1-6 т., 1949 — 51), “Шынымен күйреу” (1958), “Бланш немесе Ұмыту” (1967), “Театр-роман” т.б. романдары, сондай-ақ, көптеген әңгімелер, публицистік шығармалар жинағы жарық көрген. Жазушының эстет. позициясы “Нақты дүние” романдар топтамасынан айқын көрініс тапты. “Кеңес әдебиеті” кітабында (1955) Абай, М.Әуезов, С.Мұқанов сияқты қазақ ақын-жазушыларының шығармашылығына жоғары баға берді. Соның ішінде, М.Әуезовтің “Абай” романын 20 ғ-дың ең үздік туындыларының бірі деп таныды





Афоризмдер Луи Арагон Афоризмдер саны: 1



Афоризмді іздеу

Афоризм қосу

Топ авторлар

bootsnipp

Лев Николаевич Толстой

(28.08.1828 – 07.11.1910)
bootsnipp

Аристотель

(01.01.0384 – 01.01.0322)
bootsnipp

Бауыржан Момышұлы

(24.12.1910 – 10.06.1982)
bootsnipp

Хелен Адамс Келлер

(27.06.1880 – 01.06.1968)
bootsnipp

Ансел Адамс

(20.02.1902 – 22.04.1984)
bootsnipp

Элберт Грин Хаббард

(19.06.1859 – 07.05.1915)
bootsnipp

Исаак Ньютон

(25.12.1642 – 20.03.1727)
bootsnipp

Дуглас Адам

(11.03.1952 – 11.05.2001)
bootsnipp

Фрэнсис Бэкон

(21.01.1561 – 09.04.1626)
bootsnipp

Чарльз Буковски

(16.08.1920 – 09.03.1994)