Джек Лондон, (Джон Гриффит) (12.1.1876, АҚШ, Сан-Франциско қаласы — 22.11.1916, Сан-Франциско маңы, Глен-Эллен мекені) — америкалық жазушы. Өгей әкесінің қолында тәрбиеленген. Жас кезінде зауыт, фабрика, электр станцияларында түрлі жұмыстар істеген. Әдеби шығармалар жазумен 17 жасынан шұғылдана бастаған. 1893 ж. “Сан-Франциско дауысы” газетінде тырнақалды туындысы “Жапон жағалауындағы Тайфун” атты очеркі басылды. Сонан кейін көптеген әңгімелері, повестері, романдары жарыққа шыға бастады.
Шығармалары:
“Қасқырдың баласы” (1900)
“Оның әкесінің құдайы” (1901)
“Аяздың балалары” (1902)
“Қар қызы” (1903) романы
“Ақ азу” (1906, қазақ тілінде 1938 — 48) повесі
“Жолда жүрген жолаушылар үшін” (1899, қазақ тілінде 1961)
“Солтүстік жорығы” (1900, қазақ тілінде 1960)
“Тыртық адам” (1900, қазақ тілінде 1960)
“Өмірге құштарлық” (1900, қазақ тілінде 1951)*
“Мың дюжина” (1903, қазақ тілінде 1927 — 51)
“Темір өкше” (1912) “Айлы алқап” (1913)
“Үлкен үйдің қожасы” (1916)