Джордж Уошингтон (ағылш. George Washington; 22 ақпан 1732, Бриджс-Крик, Виргиния — 14 желтоқсан 1799, Маунт-Вернон, Виргиния) - АҚШ-тың тұңғыш президенті (1789-1797). Америка Революциялық Соғысында Континентальді Армияның Ұлыбританияны жеңуіне жетекшілік еткен. Құрама Штаттардың негізін қалаушы әкелердің бірі.
Атқарған қызметтері: Вирджиния Палатасының мүшесі, (1759-1774); Континентальдік Конгресс мүшесі, (1774-1775); Конституциялық Конвенттің басшысы, (1787-1788) Инаугурация кезіндегі жасы: 57 Мерзімі: Екі (1789 - 1793), (1793 - 1797);