Маркес Габриэль Гарсиа (6.3.1928 ж.т., Аракатака, Колумбия) — жазушы, Нобель сыйлығының лауреаты (1982). Алғашқы шығармалары 1947 жылдан бастап жарияланған. 1967 ж. “Жүз жылдық жалғыздық” романы жарыққа шықты.
Жарты млн. данамен таралған соңғы аталған романында Буэндиа ұрпағының өсіп-өркендеуі арқылы Латын Америкасының тарихы мен өркениеті, адамзаттың сана-сезімдік эволюциясы көрсетілді. Марсестің “Жүз жылдық жалғыздық” романы қазақ тіліне аударылған.
2014 жылдың 17 сәуір күні Мехико қаласында 87 жасқа келіп қайтыс болды.