Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков 1966 жылы 13- наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы,«Бiрлiк» ауылында дүниге келген. Қайрат Шу қаласына таяу жердегi Новотроицк (қазiргi Төле би) селосындағы шопан балаларына арналған мектеп-интернатта оқыған. 1983 жылы Киров атындағы орта мектептi бiтiрiп, ауылында жұмысшы болып iстейдi. Ал, 1984 – 1986 жылдары әскерге барып, азаматтық борышын өтеп қайтады. 1986 жылы №33635 әскери бөлiмшесiнiң кепiлдiгiмен Алматы сәулет-құрылыс институтына оқуға түседi. Желтоқсан көтерiлiсiне қатысқаны үшiн жазықсыз жала жабылып, өлiм жазасына кесiледi. Кейiннен бұл жаза 20 жылдық кесiмге ауыстырылды. 1988 жылы Қайраттың камерасынан оның өлi денесi табылғанымен, құпия қазаның арты ашылмады. 1996 жылы Қайрат Рысқұлбековке елiмiздiң ең жоғары наградасы – «Халық Қаһарманы» атағы берiлдi.