Твен (Twaіn) Марк, Самуэл Ленгхорн Клеменс (30.11.1835, Флорида, Миссури штаты – 21.4.1910, Реддинг, Коннектикут штаты) – америкалық жазушы. Балалық шағы Ханибал қалашығында (Миссисипи) өткен. 1853 – 1857 жылдары ел аралап, түрлі қызметтер атқарған. 1865 жылы жарық көрген “Калаверасадан келген әйгілі секіргіш бақа” атты әңгімесі оны көпке танымал етті.