Шоу Джордж Бернард (26.7. 1856, Дублин – 2.11.1950, Эйот-Сент-Лоренс) – ағылшын жазушысы, драматург. Ирланд отбасында дүниеге келген. Жасынан өмір тауқыметін көп тартқан Шоу 1871 ж. мектеп бітірген соң күнкөрістің қамымен хат тасушы, кассир болып әр түрлі мекемелерде жұмыс істеді. Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін негізін қалаушылардың бірі. Нобель сыйлығының лауреаты.