bootsnipp

Бәйдібек Қарашаұлы Қазақ

Қаралған: 3156

Қарашаұлы Бәйдібек (VІ-VІІ ғғ.) – Жетісу алабындағы көшпелі тайпалар көсемі. Ақыл-парасатымен, ерлік істерімен елге ұйытқы болған тарихи тұлға.

 

Ұлы Бәйдібек бабамыз 609-695 жылдары өмір сүрді. Байдібек баба Қара таудың етегінде дүниеге келген. Ел халқына жайлау таңдау мақсатымен Қаратаудың құйқалы күнгейі мен Боралдай ,Қазығұрт тауының шұрайлы жерлеріне көшіп жүрген. Жазы, қысы ел малы осы өңірде бағылады. Бәйдібек бабаның әкесі Қараша (604-678) жылдары өмір сүрген.

Ел ішіндегі қария сөздер – далалық ауызша тарихнама бойынша (ДАТ) Ұлы жүздің үйсін бірлестігінің құрамындағы албан, суан, сарыүйсін, шапырашты, ысты, ошақты тайпалары Бәйдібекті өздерінің түп атасы деп біледі. Бәйдібектің әкесі Қараша 604-678 ж. (қытай жылнамасында 530-604 ж деп көрсетілген) туралы, Бәйдібектің ұрпағы Майқы би туралы Қытай жылнамаларында, Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551 жж.) еңбегінде деректер кездеседі. Бәйдібек жалпақ жатқан Жетісуды, Арыс өзенінің шұрайлы алқаптарын, Қаратау мен Ташкент алабын қоныс етіп, ондағы ру-тайпалардың бас біріктіруіне, ел болып ұйысуына ықпал еткен. Бәйдібек үш некелі болыпты. Бірінші әйелі – Сары бәйбішеден Байтоқты есімді бала туып, одан Түргеш (Сарыүйсін) өрбіген. Екінші әйелі – Зеріптен Жаламбет туады. Одан – Шапырашты, Ошақты, Ысты өрбіген. Үшінші әйелі – есімі исі қазаққа мәшһүр әулие Домалақ ана. Бұл кісінің нағыз есімі Нұрилә. Домалақ анадан Тілеуберді туады. Тілеуберді ел аузында Жарықшақ (Жарықбас) атанып кеткен. Жарықшақтан – Албан, Суан, Дулат өрбиді. Бұл аталардың бәрі де ілгері ру-тайпаларға ұласып, қазақ халқының ел болып ұйысуына тікелей араласқан. Бәйдібектің Сары бәйбішесінен туған Байтоқтыдан басқа алты бірдей ұлы соғыста қаза тауып, Қаратаудың шығысындағы Қошқарата өзенінің бойына жерленген. Күні бүгінге дейін бұл жер «Алты сары басы» деп аталады. Бәйдібектің өзінің сүйегі Балабөген өзенінің жағасында жерлеген. Басына көрнекті кесене тұрғызған. Қазір Оңтүстік Қазақстан обылысындағы бір аудан Бәйдібек есімімен аталады.





Афоризмдер Бәйдібек Қарашаұлы Афоризмдер саны: 9



Афоризмді іздеу

Афоризм қосу

Топ авторлар

bootsnipp

Бауыржан Момышұлы

(24.12.1910 – 10.06.1982)
bootsnipp

Дуглас Адам

(11.03.1952 – 11.05.2001)
bootsnipp

Аристотель

(01.01.0384 – 01.01.0322)
bootsnipp

Лев Николаевич Толстой

(28.08.1828 – 07.11.1910)
bootsnipp

Хелен Адамс Келлер

(27.06.1880 – 01.06.1968)
bootsnipp

Ансел Адамс

(20.02.1902 – 22.04.1984)
bootsnipp

Элберт Грин Хаббард

(19.06.1859 – 07.05.1915)
bootsnipp

Исаак Ньютон

(25.12.1642 – 20.03.1727)
bootsnipp

Фрэнсис Бэкон

(21.01.1561 – 09.04.1626)
bootsnipp

Чарльз Буковски

(16.08.1920 – 09.03.1994)