Боралдайдың бір байы мен жалшысы дауласып, Бәйдібек биге барыпты. Бұл кезде Бәйдібек бидің жігіт шағы екен. Бай айтыпты: - Өзім асырап, есігіме салған кұлым еді. Ауқат беріп әлдендірдім, ескімді беріп киіндірдім. Соған місе қылмай, енді менен ат дәметеді. Би жалшыға сөз беріп: - Кәне, сен сөйлеші, - десе, әлі жалшы өте момын, жалтақ болса керек, байға жалтақ-жалтақ қарай беріпті. Ал бай болса, оған көзін алартып қояды. Жалшының бұл халін сезе қойған Бәйдібек би:
Аяққа кісен салуға болар,
Қолға кісен салуға болар,
Ал, тілге кісен салуға болмас, -
деп жалшыға араша түсіп, ақысын алып беріпті.
Пікірлер