Хан өзінің нөкерлерімен серуендеп келе жатқанда алдынан сақалы ақ, шашы қара бір адам кездесіп, сәлем береді. Былай шыққан соң хан қасындағыларға қарап:
- Әлгі адамның сақалының ақ, шашының қарасы қалай? - деп сұрайды: Сонда Жиренше:
- Үйде кейінген, түзде тебінген, қатыны жаман, аты шабан бір бейбақ шығар, - депті.
Пікірлер