Тақырыптар: Халық

Баршаңызға бақыт тілеймін. Мына жүйке жұқартқандай қиын-қыстау күндерде иінді төмен салмай, еңсе көтертер күш-қайрат, мұқалмас жігер, жақсы табыстар тілеймін. Бәрі бір күнгідей болмайды. Сондықтан, арайлап атар әр таңға сеніммен қарайық. Ақжарылқап күндер алдымызда! Мен Тәңірі сыйға тартқан біраз жасқа келдім. Жақсыны да көрдім, жан ауыртқан күндерді де бастан кештім. Ол менің ғұмырым, бірақ, бұл өмірді халықтан бөле жара қараған емеспін. Бозбала шағымда қара бастың қам-қарекеті болса болған шығар, бірақ ат жалын тартып мінген азамат кезден алдыма қойған бар арман, бар мақсат елмен еншілес болды, халқым. Саған қалтқысыз қызмет еттім, аманатыңа адал болдым, соңғы демім таусылғанша еліме, жеріме қызмет етуден танбаймын. Менің тірі пендеге өкпем жоқ, ал менде кеткен өкпе-наз болса, ақ басымды иіп, мың қайтара кешірім сұраймын. Біріншіден, үрейден аулақ болайық. Сенім жоғалмасын. Қиыншылық деген қиюы келмейтін іс емес. Жұмыла көтерейік. Екіншіден, тату үйге тақсірет жуымайды. Бірлігіңе ие бол. Үшіншіден, өзіңе жақсылық тілесең, өзгеге жамандық қылма

Автор: Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев

Айдарлар: Бақыт   Халық   Бірлік  



Афоризмді іздеу

Афоризм қосу

Топ авторлар

bootsnipp

Бауыржан Момышұлы

(24.12.1910 – 10.06.1982)
bootsnipp

Аристотель

(01.01.0384 – 01.01.0322)
bootsnipp

Дуглас Адам

(11.03.1952 – 11.05.2001)
bootsnipp

Лев Николаевич Толстой

(28.08.1828 – 07.11.1910)
bootsnipp

Хелен Адамс Келлер

(27.06.1880 – 01.06.1968)
bootsnipp

Ансел Адамс

(20.02.1902 – 22.04.1984)
bootsnipp

Элберт Грин Хаббард

(19.06.1859 – 07.05.1915)
bootsnipp

Исаак Ньютон

(25.12.1642 – 20.03.1727)
bootsnipp

Фрэнсис Бэкон

(21.01.1561 – 09.04.1626)
bootsnipp

Чарльз Буковски

(16.08.1920 – 09.03.1994)