bootsnipp

Демосфен Ежелгі Греция

Қаралған: 5044

Демосфе́н (грек. Δημοσθένης; 384 ж б.э д, Афины — 322 ж. б.э.д.) — Ежелгі Грецияның танымал шешені.

Оның Македонияның үстемдiк әрекеттерiне қарсы дербестiк үшiн болған Афина күресiнiң тұсындағы саясат шешен сөздерi, әсiресе, антимакедониялық партияны басқарған кездегi және оның Македония патшасы Филипке қарсы айтқан сындарлы сөздерi тарихта қалып, тағылымдық сөздердiң қатарына ендi.

Шешендiк өнер Демосфен өмiрiнiң мәнi болды, ол оны аталмыш өнердiң ұстазы етiп шығарды. Ол қажырлылық пен үлкен еңбектiң арқасында ”өзiн-өзi қайта туындатты”, әлем шешендерiнiң эквивалентiне айналды. Демосфен сөйлеу мен оның техникасын шегiне жеткiздi. Ол өзiнiң болмысы арқылы Цицеронның ”Ақын болып жаралу керек, шешендер жүре келе қалыптасады” деген аталы сөзiн дәлелдеп шықты. Ал бұл принциптiң қазақ топырағындағы көрiнiсiн бабаларымыз ”көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады” деп ұлағатты оймен өрнектеген. Демосфен өз өнернамасында сұрақ-жауап әдiсiн кеңiнен пайдаланған. Осылайша, сөздiң драмалық қасиетiн күшейттi. Ол нақтылы дерек көздерiмен сөйлеген, ойды түсiнiктi, еркiн баяндаған. Сөйлеудiң техникасын еркiн меңгерген ол тыңдаушы алдында мың сан қозғалысқа түскен. Демосфен сөздерi сөйлеу мәнерiмен туған. Қарапайым және көтерiңкi пафоспен (екi стильде) келедi. Ол осы екi стильдi де еркiн игерген. ”Демосфеннен 170 қолжазба (60 жалынды сөз, 56 жазба сөз, 6 хат) бiздiң дәуiрiмiзге келiп жеттi /5:13/.





Афоризмдер Демосфен Афоризмдер саны: 1



Афоризмді іздеу

Афоризм қосу

Топ авторлар

bootsnipp

Лев Николаевич Толстой

(28.08.1828 – 07.11.1910)
bootsnipp

Аристотель

(01.01.0384 – 01.01.0322)
bootsnipp

Бауыржан Момышұлы

(24.12.1910 – 10.06.1982)
bootsnipp

Хелен Адамс Келлер

(27.06.1880 – 01.06.1968)
bootsnipp

Ансел Адамс

(20.02.1902 – 22.04.1984)
bootsnipp

Элберт Грин Хаббард

(19.06.1859 – 07.05.1915)
bootsnipp

Исаак Ньютон

(25.12.1642 – 20.03.1727)
bootsnipp

Дуглас Адам

(11.03.1952 – 11.05.2001)
bootsnipp

Фрэнсис Бэкон

(21.01.1561 – 09.04.1626)
bootsnipp

Чарльз Буковски

(16.08.1920 – 09.03.1994)