bootsnipp

Стендаль Фредерик Франция

Қаралған: 1624

Стендаль (Stendhal) Фредерик, Анри Мари Бейль  – француз жазушысы. 1800 – 14 жылы әскери қызмет атқарып, Наполеон әскері құрамында Берлин, Вена, Мәскеу шабуылдарына қатысты. 1814 – 21 жылы Италияда, кейін Францияда тұрды. 1830 жылдан өмірінің соңына дейін Италияда елші қызметін атқарды. Стендаль алғашқы туындыларын бүркеншік атпен 1814 жылдан жариялай бастады. “Стендаль” есімін тұңғыш рет “Рим, Неаполь, Флоренция” (1817) атты еңбегінде қолданды. “Гайдн, Моцарт және Метастазионың өмірі” (1817), “Италия бейнелеу өнерінің тарихы” (1817), “Россинидің өмірі” (1823), т.б. еңбектері музыка және театр өнерін, кескіндемені зерттеуге арналған. “Римді аралағанда” (1829), “Саяхатшы жазбалары” (1838) еңбектерінде философия, саяси, эстет. пайымдаулар басым болса, “Расин мен Шекспир” (1825) – көркемдік әдіс мәселесіне арналған реалистік мектептің алғашқы әдеби манифесі. Оның “Анри Брюлардың өмірі”, “Өзімшілдің естеліктері”, “Наполеонның өмірі”, “Наполеонды еске түсіру”, “Автобиографиялық естеліктер”, т.б. естеліктерінде тарихи құнды мәліметтер сақталған. 





Афоризмдер Стендаль Фредерик Афоризмдер саны: 4



Афоризмді іздеу

Афоризм қосу

Топ авторлар

bootsnipp

Бауыржан Момышұлы

(24.12.1910 – 10.06.1982)
bootsnipp

Дуглас Адам

(11.03.1952 – 11.05.2001)
bootsnipp

Аристотель

(01.01.0384 – 01.01.0322)
bootsnipp

Лев Николаевич Толстой

(28.08.1828 – 07.11.1910)
bootsnipp

Хелен Адамс Келлер

(27.06.1880 – 01.06.1968)
bootsnipp

Ансел Адамс

(20.02.1902 – 22.04.1984)
bootsnipp

Элберт Грин Хаббард

(19.06.1859 – 07.05.1915)
bootsnipp

Исаак Ньютон

(25.12.1642 – 20.03.1727)
bootsnipp

Фрэнсис Бэкон

(21.01.1561 – 09.04.1626)
bootsnipp

Чарльз Буковски

(16.08.1920 – 09.03.1994)