bootsnipp

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Қазақстан

Қаралған: 19493

Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993) - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайракері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО, шет ел ордеңдері мен медальдерінің иегері.

 

Қызықты ақпараттар

Дінмұхамед Қонаев - КСРО да ең биік саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ.

Ол КСРО ның ішкі және сыртқы саясатын басқаратын 15 мүшелік политбюро мүшесі болған.

Отбасында 11 баланың 4-шісі.

Бойы 198 см. 46 өлшемдегі аяқ киім киген.

Хобби: қару-жарақ коллекциялаған, аңшылықты ұнатқан.

Қонаевтің жеке күзетшілері болмаған.

Басқалары жеке күзетшілерімен жүргенде Қонаев жай ғана таңертең жұмысына жаяу барып келіп жүрген. Академик шені үшін 340 рубльдік төлемақыдан бас тартқан.

Шағын пәтерінде (қазір мұражай) 24 жыл өмір сүрген, пәтер ауданы 200 кв.м

Кезінде Леонид Брежнев(КСРО басшысы) Алматыға бірінші рет келіп, Қонаев үйіне қонаққа келеді. Пәтерін ары аралап бері аралап: "Бар дүниең осы ма?"- деп таңданады.





Афоризмдер Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Афоризмдер саны: 10


Баршаңызға бақыт тілеймін. Мына жүйке жұқартқандай қиын-қыстау күндерде иінді төмен салмай, еңсе көтертер күш-қайрат, мұқалмас жігер, жақсы табыстар тілеймін. Бәрі бір күнгідей болмайды. Сондықтан, арайлап атар әр таңға сеніммен қарайық. Ақжарылқап күндер алдымызда! Мен Тәңірі сыйға тартқан біраз жасқа келдім. Жақсыны да көрдім, жан ауыртқан күндерді де бастан кештім. Ол менің ғұмырым, бірақ, бұл өмірді халықтан бөле жара қараған емеспін. Бозбала шағымда қара бастың қам-қарекеті болса болған шығар, бірақ ат жалын тартып мінген азамат кезден алдыма қойған бар арман, бар мақсат елмен еншілес болды, халқым. Саған қалтқысыз қызмет еттім, аманатыңа адал болдым, соңғы демім таусылғанша еліме, жеріме қызмет етуден танбаймын. Менің тірі пендеге өкпем жоқ, ал менде кеткен өкпе-наз болса, ақ басымды иіп, мың қайтара кешірім сұраймын. Біріншіден, үрейден аулақ болайық. Сенім жоғалмасын. Қиыншылық деген қиюы келмейтін іс емес. Жұмыла көтерейік. Екіншіден, тату үйге тақсірет жуымайды. Бірлігіңе ие бол. Үшіншіден, өзіңе жақсылық тілесең, өзгеге жамандық қылма

Автор: Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев

Айдарлар: Бақыт   Халық   Бірлік  


Афоризмді іздеу

Афоризм қосу

Топ авторлар

bootsnipp

Лев Николаевич Толстой

(28.08.1828 – 07.11.1910)
bootsnipp

Аристотель

(01.01.0384 – 01.01.0322)
bootsnipp

Бауыржан Момышұлы

(24.12.1910 – 10.06.1982)
bootsnipp

Хелен Адамс Келлер

(27.06.1880 – 01.06.1968)
bootsnipp

Ансел Адамс

(20.02.1902 – 22.04.1984)
bootsnipp

Элберт Грин Хаббард

(19.06.1859 – 07.05.1915)
bootsnipp

Исаак Ньютон

(25.12.1642 – 20.03.1727)
bootsnipp

Дуглас Адам

(11.03.1952 – 11.05.2001)
bootsnipp

Фрэнсис Бэкон

(21.01.1561 – 09.04.1626)
bootsnipp

Чарльз Буковски

(16.08.1920 – 09.03.1994)