bootsnipp

Генри Форд АҚШ

Қаралған: 5592

Генри Форд (ағылш. Henry Ford; 30 шілде 1863 жыл — 7 сәуір 1947 жыл) – бірегей тұлға, бұл машина құрылысында революция жасаған – шын мәнінде жеке автомобильді ойлап тапқан адам. "Дейтройт" заводындағы жиналғыш конфейер, 1923 жыл «Форд десек, автомобильді меңзейміз, автомобиль десек, Фордты меңзейміз». Өткен ғасырдың 20-жылдары қарапайым американдықтар ХХ ғасырдың ең үздік бизнесмендерінің бірі ретінде мойындаған.

 

Генри Фордтың 1914 жылы қабылдаған шешiмі оның бірден-бір дұрыс қадамы десек қателеспейміз. Ол күніне жұмысшыларына $5 (бүгiнгi курсқа шаққанда шамамен $112) төлейтінін хабарлады. Тiптi бүгiнгi күн үшiн де бұл біршама үлкен ақша сомасы. Бұдан басқа шылым тартпайтын, iшiмдiк iшпейтiн жұмысшыларға қосымша үстеме төлейтін болған. Форд жұмыс күнiн 8 сағатқа, жұмыс аптасын 6 күнге қысқартты. Мұндай еңбек жағдайы XX ғасырдағы Америка үшiн таңғажайыптың нақ өзі болды. Елдің түкпір-түкпірінен келген халық Ford Motor Company-ға жұмысқа тұру үшiн кезекке тұрды. Ең бастысы, жұмысшы ақша жинап, өзі де су жаңа автокөлік сатып ала алды. Жап-жаңа Ford-тардың автокөлік дүкендеріне түскен бойда сатылып кетіп жатты. Көп ұзамай Форд серiктестiктердiң барлық акцияларын сатып алды да, қожайын болу құқын толық иеленді. Генри Форд 1920 жылдардың басында жетiстiктің шыңында болды. Тап осы уақытта оны автокөліктер патшасы деген атпен атады. Оның меншігінде зауыттар ғана емес, темiр кенiштерi, көмiр шахтасы, электр станциялары және машиналардың өндiрiсi үшiн керек барлық шикізат көздері болды. Ал серіктестері Бразилиядағы каучук плантациясын, әуежай, баспахана, киностудияларды өз меншіктеріне алды. Өзiнің өндiрiсін қажеттi шикiзатпен қамтамасыз ете алғандықтан, Форд жасаған империя сыртқы саудаға тәуелді болмады Бүгiнгi доллар курсына қайта есептегенде Генри Фордтың байлығы Forbes журналы айтуынша $188 миллиардпен бағаланады, бұл Билл Гейтстiң байлығына қарағанда, төрт есе көп. Тілшілер Генри Фордқа мынадай сұрақ қойған екен: «Сіз сияқты шылқыған бай адамның ендігі тілегі қандай?» Сонда Форд: «Мен ақшаға сатып ала алатын заттарға құмартпаймын, жай ғана өзім өмір сүріп жатқан әлемді жақсартқым келедi»,- деп жауап береді.





Афоризмдер Генри Форд Афоризмдер саны: 6



Афоризмді іздеу

Афоризм қосу

Топ авторлар

bootsnipp

Лев Николаевич Толстой

(28.08.1828 – 07.11.1910)
bootsnipp

Аристотель

(01.01.0384 – 01.01.0322)
bootsnipp

Бауыржан Момышұлы

(24.12.1910 – 10.06.1982)
bootsnipp

Хелен Адамс Келлер

(27.06.1880 – 01.06.1968)
bootsnipp

Ансел Адамс

(20.02.1902 – 22.04.1984)
bootsnipp

Элберт Грин Хаббард

(19.06.1859 – 07.05.1915)
bootsnipp

Исаак Ньютон

(25.12.1642 – 20.03.1727)
bootsnipp

Дуглас Адам

(11.03.1952 – 11.05.2001)
bootsnipp

Фрэнсис Бэкон

(21.01.1561 – 09.04.1626)
bootsnipp

Чарльз Буковски

(16.08.1920 – 09.03.1994)