bootsnipp

Ремарк Эрих Мария неміс

Қаралған: 1716

Гимназияда оқып жүргенде әскер қатарына шақырылып (1915), батыс майданында екі жыл соғысқан. Соғыстан кейін мұғалім, құлпытас сатушы, жарнама қызметшісі, спортшолушы, журналист, “Sport іm Bіld” (“Суретті спорт”) журналының редакторы болды. Шығарма  жолын “Батыс майданда өзгеріс жоқ” (1929) романынан бастады. Роман Боймер, Мюллер, Кропп, Леер, Кеммерих секілді соғыс құрбандарының жан тебірентерлік сезімдерін бейнеледі. Ресми хабар ақпараты “батыс майданда еш өзгеріс жоқ” деп жариялап жатқанда, 19 жасар бас кейіпкер оққа ұшады. Бұл қаза ақылға қонымсыз соғыс сұмдығынан, рухани дағдарыс қаупінен құтылу амалынан туындаған шара еді. Одан кейін жарық көрген трилогиясы (“Іайтқанда”, 1931; “Үш жолдас”, 1938; “Қара ескерткіш”, 1956), “Жақыныңды жарылқа” (1940), “Салтанат қақпасы” (1946), “Лиссабон түні” (1962), “Жұмақтағы көлеңкелер” (1971), т.б. шығармалары уақыт пен кеңістік тұрғысынан біртұтас, мазмұн мен пішін үйлесімдігі айқын туындылар ретінде бағаланды. Соғыс өрті жанын жегідей жеген азалы жетім көңілдердің трагед. жайын шынайы суреттеген Ремарк шығармаларын оқуға тыйым салынып, турашылдығымен танылған жазушы қуғынға ұшырады. Билік өкілдері Ремарктың алғашқы екі кітабын көпшілік алдында өртеді (1933). 1932 ж. Швейцарияда тұрақтағанымен, 1939 — 42 ж. Америкаға, 1954 ж. Еуропаға кетуге мәжбүр болды. “Өмір ұшқыны” (1952), “Өмір мен өлім мерзімі” (1954), “Өмір парызы” (1959) атты шығармаларында соғыстың ауыр азабы, табиғатқа, адамзатқа тигізген залал-зардаптары шынайы суреттелді.





Афоризмдер Ремарк Эрих Мария Афоризмдер саны: 14



Афоризмді іздеу

Афоризм қосу

Топ авторлар

bootsnipp

Бауыржан Момышұлы

(24.12.1910 – 10.06.1982)
bootsnipp

Аристотель

(01.01.0384 – 01.01.0322)
bootsnipp

Дуглас Адам

(11.03.1952 – 11.05.2001)
bootsnipp

Лев Николаевич Толстой

(28.08.1828 – 07.11.1910)
bootsnipp

Хелен Адамс Келлер

(27.06.1880 – 01.06.1968)
bootsnipp

Ансел Адамс

(20.02.1902 – 22.04.1984)
bootsnipp

Элберт Грин Хаббард

(19.06.1859 – 07.05.1915)
bootsnipp

Исаак Ньютон

(25.12.1642 – 20.03.1727)
bootsnipp

Фрэнсис Бэкон

(21.01.1561 – 09.04.1626)
bootsnipp

Чарльз Буковски

(16.08.1920 – 09.03.1994)