bootsnipp

Сүйінбай Аронұлы Қазақстан

Қаралған: 2783

Сүйінбай Аронұлы (1815, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылы – 1898, сонда) – айтыс ақыны.

Айтыста алдына жан салмаған Сүйінбай Аронұлы 1815 жылы қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Сүйінбай атындағы ауылда дүниеге келген. Анасынан ерте айырылып, жетімдіктің азабын бастан кешкен ақын өлеңдерінің тақырыбы - бұл дүниенің қадірін түсініп өмір сүру, дүние - байлықтың өткінші екенін, шын қазына - адамдық екендігі. Ақын ел басқару, халық тағдыры мен адам батылдығы, жақсы мен жаман қасиеттерді саралайды. Өмірдің құндылығымен өткіншілігі туралы ақыл - өсиет, нақылдар қалдырды. Ақын ер тұлғасы, ел қорғанының бейнесін жырлады. Ол он төрт – он бес жасынан бастап ақындық өнерін машық ете бастаған. Алғашқы кезде ел аузынан естіген аңыз – ертегілерді, қисса – жырларды жаттап алып, жиын – тойларда айтып жүрген. Кейінірек, өзінің замандас ақындары ішінен озық ойы, өткір тілімен қазақ пен қырғыз елдеріне аты тарап, әйгілі болған. Сүйінбай ең алдымен айтыстың асқан шебері, ешкімге жүлде бермеген ерен ақын. Сонымен бірге ол халық мұңын мұңдап, үстем тап өкілдерінің әділетсіздігін бетіне басып әшкерелеп отырған батыл да әділ сыншы. Өтеген, Қарасай, Саурық батырларды дастанының басты кейіпкерлері етті. Қатаған ақынмен, Тезек төремен айтыстары Сүйінбайдың тапқырлығын, турашылдығын, азаматтық қайсарлығын айқындай түседі. Сондықтан да, заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов Сүйінбайға баға бергенде оны « он тоғызыншы ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі деп атаған. Сүйінбайдың өлеңдері 1935 жылы Ілияс Жансүгіровтің әзірлеуімен алғаш жинақ боп басылды. 





Афоризмдер Сүйінбай Аронұлы Афоризмдер саны: 4



Афоризмді іздеу

Афоризм қосу

Топ авторлар

bootsnipp

Бауыржан Момышұлы

(24.12.1910 – 10.06.1982)
bootsnipp

Аристотель

(01.01.0384 – 01.01.0322)
bootsnipp

Дуглас Адам

(11.03.1952 – 11.05.2001)
bootsnipp

Лев Николаевич Толстой

(28.08.1828 – 07.11.1910)
bootsnipp

Хелен Адамс Келлер

(27.06.1880 – 01.06.1968)
bootsnipp

Ансел Адамс

(20.02.1902 – 22.04.1984)
bootsnipp

Элберт Грин Хаббард

(19.06.1859 – 07.05.1915)
bootsnipp

Исаак Ньютон

(25.12.1642 – 20.03.1727)
bootsnipp

Фрэнсис Бэкон

(21.01.1561 – 09.04.1626)
bootsnipp

Чарльз Буковски

(16.08.1920 – 09.03.1994)