bootsnipp

Мигель де Сервантес Испания

Қаралған: 5800

Мигель де Сервантес Сааведра (ис. Miguel de Cervantes Saavedra; 29 қыркүйек 1547 жыл, Алькала-де-Энарес — 23 сәуір 1616 жыл, Мадрид) - әлемге аты әйгілі испан жазушысы. Вальядолида қаласында иезуиттер коллегиясында (1557 — 61), Мадридте оқыды. Испан әскері қатарында қызмет етіп, еуропа флотының түріктермен соғысында жараланған (1571, сол қолы семіп қалған). 1575 ж. Отанына қайтып келе жатып теңіз қарақшыларының қолына түсіп, Алжирге құлдыққа сатылған. Тұтқыннан 1580 ж. миссионерлер босатып алды. 1587 жылдан Севильяға ауысып, портта сауда ісімен айналысты, онда 3 рет (1592, 1597, 1602) түрмеге жабылды. Әдебиетке жасы ұлғайған шағында келген Сервантес тұңғыш шығармаларын жастық шақ туралы өлеңдерден бастады. Пасторальдық романы “Галатея” (1585) екі бақташының сымбатты сұлу Галатеяға ғашықтық сезімін бейнеледі. Отызға жуық драмалық шығармасы Мадрид театрларында сахналанған. “Алжир каторгасы” пьесасы испан жігітіне арналған сүйіспеншілікті сөз етсе, “Алжир әдет-ғұрпы” алжирлік жұбайлардың тағдырын бейнеледі. “Нумансия” трагедиясына Рим әскері шабуылына қарсы төтеп берген ежелгі қала тұрғындарының ерлігі негіз болған.

“Нақыл новеллалары” (1613) повесінде ерлік пен махаббат, уақыт, мінез мәселелері жайлы толғаныстар, адамгершілік, қайырымдылық, т.б. тақырыптар қамтылған. Оның “Парнасқа саяхат” поэмасы (1614), “Сегіз комедия мен интермедия” (1615), т.б. туындылары бар. Оны әйгілі еткен 1605 жылы жазған «Дон Кихот» атты романы болды. Бұл роман туралы Сервантестің өзі «Дон Кихот» сол дәуірде қатты әсіреленіп отырған рыцарьлық романдарға пародия ретінде жазылған» деп жазады.





Афоризмдер Мигель де Сервантес Афоризмдер саны: 4



Афоризмді іздеу

Афоризм қосу

Топ авторлар

bootsnipp

Лев Николаевич Толстой

(28.08.1828 – 07.11.1910)
bootsnipp

Аристотель

(01.01.0384 – 01.01.0322)
bootsnipp

Бауыржан Момышұлы

(24.12.1910 – 10.06.1982)
bootsnipp

Хелен Адамс Келлер

(27.06.1880 – 01.06.1968)
bootsnipp

Ансел Адамс

(20.02.1902 – 22.04.1984)
bootsnipp

Элберт Грин Хаббард

(19.06.1859 – 07.05.1915)
bootsnipp

Исаак Ньютон

(25.12.1642 – 20.03.1727)
bootsnipp

Дуглас Адам

(11.03.1952 – 11.05.2001)
bootsnipp

Фрэнсис Бэкон

(21.01.1561 – 09.04.1626)
bootsnipp

Чарльз Буковски

(16.08.1920 – 09.03.1994)